Сайт пожеланий и поздравлений
Главная / Поздравления на казахском языке другу

Поздравления на казахском языке другу

Достар! Жастық шақ - өсіп тұрған гүл емес пе, Сол гүлдің нағыз өзі – біз емес пе!- дегендей жан-жағыма көз салсам, жаңа жылды қарсы алу кешіне әсем де сұлу, көркіне көз тоярдай қыздар мен жігіттер жиналып отыр екен. Жүздеріңе қарасам, мезгілдің қыс екенін ұмытып, қып- қызыл қызғалдағы жайқалған көктемнің сұлулығын, жаздың жылулығын көремін. Ендеше достар, лайым осылай құлпырып жүре беріңдер. Жаңа жыл әрқайсысыңа бақыт пен шаттық сыйласын! Жылдар бойы жалғасып келе жатқан достығымыз бұл жылы да әдемі жалғасын тапсын!

***

Тіреуім досым! Қуанышым мен қайғымның куәсі, өмірімнің бөлшегі болған аяулы жан. Жаңа жылда сені құттықтап, қуантуға асығудың өзі қандай бақыт! Жыл бойы кірпігіңді мұң шалмасын, жасыма, тек қуанып, жадырап, аман-есен жүре бер.

***

Аяулы дос! Санаулы сағаттардан соң кіретін жаңа жыл саған бар жақсылығын төксін! Жаңа жылда жаңа табыс, денсаулық, сәттіліктер тілеймін! Жылдан- жылға аманшылықпен, зор қуанышпен жете бер!

***

Жаңажылдық дастархан қандай тәтті болса, сен барда менің өмірім сондай тәтті. Нұрлы жүзіңнен тек қана күлкі көріп, қуанышымды өзіңмен бөлісе жүрейін. Бақытты бол, құрбым!

***

Әніміз де, сәніміз де жарасқан, тілегіміз де, жүрегіміз де бір болған асыл дос! Өзіңді жаңа жылмен құттықтауға асықпын! Бар қиындықтар мен өкпе-наздар ескі жылмен есіркеп кетсін! Жаңа жылда жаңа белестерді бағындырып, жаңа табыстарға жете бер! Жаңа жыл құтты болсын!

***

Азамат сайлауының ең мөлдір көзі – достық болса, адал достығымыз жаныңды шаршатпайтын нәр болсын.
Өмірде мұңайма, жасыма, тек қуанып, жадырап, аман-есен жүре бер.
***
Күннен күнге құлпырып, күмбезіңе нұр тұнып, асқарларға ұмтылып, армандарыңа сыр тұнып, мына өмірде аман-есен жүре бер.
***
Достар!
Бүгін бәріміз жиылып бас қосып отырғанымызға өте қуаныштымын!
Міне, қуанышымызды да, қайғымызды да бөлісіп, жұбымыз жазылмай бір-бірімізге сүйеу болып қатар жүргенімізге қанша жыл болды. Мен сендердей адал достарым болғаны үшін мақтанамын!
Ешқашан қатарымыз ажырамасын, бір-бірімізге деген ақ, адал сенімімізге көлеңке түспесін. Достығымыз мәңгі болсын! Аман болыңдар! Дүниедегі ең ізгі сезімдердің бірі – ДОСТЫҚ  ҮШІН!
2.9/5 (голосов - 15)

Тосты

Любовные СМС

Последние статьи

Открытки