Сайт пожеланий и поздравлений
Главная / Поздравления на казахском языке маме

Поздравления на казахском языке маме

Анаға арналған әндер, жырлар, ізгі тілектер, жылы лебіздер қаншама! Халық арасында "Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді" деген қанатты сөз бар. Ендеше Анаға арналған жырымыз, әніміз, тілегіміз ешқашан таусылмауға тиісті, таусылмайды да.

***

Өз бақытын, қуанышын өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аяулы Анам менің! Саған әлемдегі бар жақсы тілекті үйіп-төксем де аз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін! Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, Аналық бақытқа кенеліп жүре беріңіз!

***

Анам менің ,

Туған анам,

Өз анам,

Мені өсірген баққан-қаққан,

Өз анам дүниеде сенен басқа жоқ адам.

***

Пәк жүректі асыл анам, ақ қайың,

сен ұлысың арайлаған таңдайын.

Жарап жатса қажетіңе жан анам,

Биіктегі жұлдыздарға самғайын.

Кең пейілсің тынық мұхит секілді,

Қысылсаң да қайтармадың бетімді.

Бар әлемге сәуле сепкен нұрлана,

Мейірімің мол көктегі күн секілді.

Ана деген бар адамға асқақ ән,

Әр жүректің түкпірінде жатталған.

Аман болса айналайын жан анам,

Сеніміңді ақтаймын деп айта алам.

Тіршіліктің ең бастауы – аналар,

Құлақ салыңыз балалар!

Әлемдегі меірімі мол ұлы ана,

Аспандағы жарық жұлдыз салалар!

Анашым, асыл жансың асқар тауым,

Түн сейіліп арайлап атқан таңым,

Жадымда мәңгілікке сақталады,

Әлдилетіп шырқаған әр бір әнің!

2.8/5 (голосов - 22)

Тосты

Любовные СМС

Последние статьи

Открытки